Басты бет
·
Бокс

Даниял Сабит Қазақстан чемпионы атағын қорғай алмады

Али Асетов··
ҚБФ

ҚБФ

Тараз қаласында өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалистерінің бірі анықталды.

Аталған салмақтағы қазіргі чемпион Даниял Сабит жартылай финалдық кезеңде жарыс жолынан шығып қалды.

Шешуші кезеңге жолдама үшін өткен жекпе-жекте ол Батыс Қазақстан облысының өкілі Нұрзат Оңғаровпен кездесті. Төрешілердің бөлінген шешімімен қарсыласы 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Сабит қола жүлдені қанағат тұтып, былтыр Семейде жеңіп алған чемпиондық атағын қорғай алмады. Финалда Нұрзат Оңғаров Диас Берікбаймен кездеседі.

Ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан Қазақстан чемпионаты 6 қарашада аяқталады.

Даниял Сабит Қазақстан чемпионы атағын қорғай алмады – sport-hub