Виктория Графеева Қазақстан чемпионатының финалына шықты

ҚБФ
Тараз қаласында өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шыққан алғашқы спортшылардың бірі анықталды.
Шешуші жекпе-жолға Виктория Графеева жолдама алды. Ол жартылай финалда Римма Волосенконы жеңді.
Бес төрешінің барлығы Графееваның жеңісін қолдап, жекпе-жек 5:0 есебімен аяқталды. Осылайша, Виктория чемпиондық атаққа таласу мүмкіндігін сақтап қалды. Ал Волосенко ел біріншілігінің қола жүлдегері атанды.
Екі боксшының да халықаралық аренада жетістіктері бар. Графеева 2024 жылы Азия чемпионы атанып, әлем чемпионаттарында күміс және қола медаль жеңіп алған. Ал Волосенконың еншісінде 2021 жылғы құрлықтық біріншіліктің алтыны және Қазақстан чемпионатындағы бірнеше жеңіс бар.
Елдің үздік ерлер және әйелдер боксшылары қатысып жатқан жарыс 6 қарашада аяқталады.