Делап «Ноттингем Форест» ойыншысы атанды

Бекарыс Әлімхан··
«Ноттингем Форест» ФК

«Ноттингем Форест» ФК

«Ноттингем Форест» 23 жастағы шабуылшы Лиам Делаптың «Челсиден» ауысқанын ресми түрде жариялады. Ағылшын футболшысы жаңа клубында 19-нөмірмен өнер көрсетеді.

Sky Sports мәліметінше, Ноттингем клубы Делап үшін 45 миллион фунт төлейді. Сонымен қатар келісімде тағы 5 миллион фунт көлемінде бонус қарастырылған. Келісімшартқа қол қойғаннан кейін шабуылшы жаңа клубындағы алғашқы әсерімен бөлісті.

«Тарихы бай клубтағы жұмысымды бастауға асықпын. Мен жаттықтырушымен сөйлестім, оның идеялары маған ұнады. Ол маған дамып, келесі қадамды жасауға көмектесе алады деп ойлаймын. Командаға голдарыммен пайда әкелемін деп үміттенемін», – деді шабуылшы.

Еске салайық, Делап «Ипсвичтен» ауысқаннан кейін «Челси» сапында бір маусым өткізді. Лондондық клуб құрамында ол барлық турнирде 41 матчқа қатысып, екі гол соқты.

Делап «Ноттингем Форест» ойыншысы атанды – sport-hub