АПЛ-дің үш клубы «Бенфика» вингері Престианниге қызығушылық танытты

Бекарыс Әлімхан··
«Бенфика» ФК

«Бенфика» ФК

«Арсенал», «Астон Вилла» және «Ньюкасл» «Бенфиканың» 20 жастағы аргентиналық вингері Джанлука Престианниге қызығушылық танытып отыр.

Hooligan Soccer мәліметінше, «Бенфика» шамамен 50 миллион еуро көлеміндегі ұсыныстарды қарастыруға дайын. Сонымен қатар Престианнидің келісімшартында 100 миллион еуро көлемінде өтемақы сомасы көрсетілген.

Престианни 2024 жылдың басында «Велес Сарсфилдтен» «Бенфикаға» ауысты. Өткен маусымда аргентиналық футболшы барлық турнирде 45 матч өткізіп, үш гол соқты және бес нәтижелі пас берді.

Еске салайық, бұған дейін Престианни Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі матч кезінде «Реал» шабуылшысы Винисиус Жуниорға қатысты кемсітушілік әрекеті үшін алты матчқа дисквалификацияланған болатын. Тергеу қорытындысы бойынша УЕФА аргентиналық ойыншыны Винисиусқа нәсілшілдік сипаттағы қорлау жасағаны үшін жазалады.

АПЛ-дің үш клубы «Бенфика» вингері Престианниге қызығушылық танытты – sport-hub