Сенегалдық шабуылшы «Челсиден» кетіп, АПЛ-дегі клубын ауыстырады

«Челси» ФК
«Астон Вилла» «Челсимен» сенегалдық шабуылшы Николас Джексонның трансфері бойынша келісімге келді.
Флориан Плеттенбергтің мәліметінше, Бирмингем клубы 25 жастағы футболшы үшін бонусдарды қоса есептегенде шамамен 75 миллион еуро төлейді. Джексонның «Астон Вилламен» келісімшарты 2031 жылға дейін жасалады. Футболшы жақын арада медициналық тексеруден өтуі тиіс. Бұл ақпаратты басқа да дереккөздер растап отыр.
Джексон өткен маусымды «Баварияда» жалға өткізіп, барлық турнирде 34 матчта 11 гол соқты. Мюнхендік клуб келісімде көрсетілген сатып алу опциясын іске қосудан бас тартты.
Джексон 2023 жылдың жазынан бері «Челсиге» тиесілі. Англияға ауысқанға дейін сенегалдық футболшы «Вильярреалда» өнер көрсетті. Сол кезде оның бапкері қазіргі «Астон Вилла» жаттықтырушысы Унаи Эмери болған.