«Галатасарай» мен «Милан» Рафаэл Леауның трансферін келісті

Бекарыс Әлімхан··
Фото: x_@brfootball

Фото: x_@brfootball

Италияның «Миланы» мен Түркияның «Галатасарайы» Рафаэл Леаудың трансфері бойынша 45 миллион еуроға келісімге келді.

Фабрицио Романоның мәліметінше, енді түркиялық клуб португалиялық футболшымен жеке келісімшарттың талаптарын келісуі керек. Леауға сондай-ақ «Астон Вилла» да қызығушылық танытып отыр. Ағылшын клубы 42 миллион еуро және тағы үш миллион еуро бонус ұсынған.

Футболшының мансабын қай клубта жалғастыратыны туралы соңғы шешімнің өзі қабылдайды. Оның «Миланмен» қазіргі келісімшарты 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Айта кетейік, Леау 2019 жылдан бері италиялық клубтың сапында өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында ол 291 матч өткізіп, 80 гол соқты және 65 нәтижелі пас берді.

«Галатасарай» мен «Милан» Рафаэл Леауның трансферін келісті – sport-hub