«Лион» бапкері Чемпиондар лигасындағы матчтан кейін Гендузиге соққы жасауға тырысты

Фото: ulien_jgx
«Лион» қақпашылар бапкері Антонио Феррейра Чемпиондар лигасындағы матчтан кейін «Фенербахче» жартылай қорғаушысы Маттео Гендузиге соққы жасауға әрекет етті.
Оқиға стадионның ішкі бөлмелеріне кіреберіс маңында болған. Трибуналардан түсірілген видеодан Феррейраның Гендузиге қарай жүгіріп шығып, секіріп тұрып аяғымен соққы жасауға тырысқаны көрінеді. «Фенербахче» қызметкері екеуінің ортасына дер кезінде тұрып, кейін жанжалға екі клубтың футболшылары мен өкілдері араласты.
Айта кетейік, Гендузи матч басталмай тұрып-ақ өзін ысқырып қарсы алған алаң иелерінің жанкүйерлеріне әдепсіз ишара көрсеткен. Француз ойыншысы ысқырықтан кейін де трибуналарды арандатуын жалғастырып, «Лион» жанкүйерлерінің алдында жеңісін атап өткен.
«Фенербахче» қарымта матчта 2:1 есебімен жеңіске жетіп, екі ойынның қорытындысы бойынша 3:2 есебімен келесі кезеңге өтті. Түркиялық клуб 2008/09 маусымынан бері алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды. Ал «Лион» өз жорығын Еуропа лигасында жалғастырады.