«Ливерпуль» ПСЖ ойыншысын сатып алуға келісті
Бөлісу

Фото: ФК ПСЖ
«Ливерпуль» ПСЖ клубының француз шабуылшысы Брэдли Барколаны трансферлеу бойынша принципті келісімге келді.
BBC Sport мәліметінше, клубтар трансфер шарттарын келістіп қойған. Мәміленің жалпы құны шамамен 120 миллион фунтты құрауы мүмкін. Оның 100 миллион фунты ПСЖ-ға кепілдендірілген төлем ретінде түседі.
Қалған 20 миллион фунт бонус ретінде қарастырылған. Келіссөздер аяқталғаннан кейін Баркола медициналық тексеруден өтуі тиіс.
Француз футболшысы 2023 жылдың тамызынан бері ПСЖ сапында өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында ол 152 матчқа қатысып, 39 гол соқты және 37 нәтижелі пас берді.