Дембеле Марокко қақпасына соққан голы алдында Мбаппенің қандай кеңес бергенін айтты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: FFF

Фото: FFF

Франция құрамасының шабуылшысы Усман Дембеле 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Марокконы 2:0 есебімен жеңгеннен кейін пікір білдірді.

Француз футболшысы гол соғар алдындағы сәтте Килиан Мбаппенің өзіне не айтқанын да бөлісті.

«Біз өте бақыттымыз. Осы матчқа толықтай назар аудардық. Бұл Франция құрамасы сапындағы әлем чемпионатындағы үшінші жартылай финалым. Бұл – үлкен қуаныш әрі ерекше сезім. Бірақ енді алда күтіп тұрған келесі сынаққа дайындалуымыз керек.

Гол соғуыма екі-үш минут қалғанда Килиан Мбаппе маған орталықта қалуымды айтты. Ол тамаша жұлқынып шығып, маған бос кеңістік ашып берді. Мен допты қақпаға дәл бағыттап, оның торда жатқанын көргім келді. Өте қуаныштымын», – деді Дембеле ФИФА-ға берген сұхбатында.

Әлем чемпионатының жартылай финалында Франция құрамасы Испания – Бельгия жұбының жеңімпазымен кездеседі. Матч 11 шілде күні Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеде мәресіне жетеді.