Денис Евсеев Қытайдағы «Челленджер» турнирінде ірі есеппен жеңілді

Бекарыс Әлімхан··
ҚТФ

ҚТФ

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Қытайдың Чжанцзяган қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің бірінші айналымында Илья Симакинге (ATP №275) жеңілді.

Евсеев жарыстың алтыншы ракеткасы Симакиннен 1:6, 2:6 есебімен ұтылды. Ресейлік теннисші әлемдік рейтингте 275-орында тұр.

Матч 46 минутқа созылды. Евсеев бір эйс жасап, бір қосарланған қате жіберді және қарсыласының добын қайтару мүмкіндігінің жалғыз бірін де пайдалана алмады. Ал Симакин 11 рет эйс жасап, үш қосарланған қате жіберді.

Теннисшілер ресми матчта алғаш рет кездесті. Екінші айналымда Симакин австралиялық Мэттью Деллаведовамен ойнайды.

Еске салайық, Денис Евсеев жекелей және жұптық разрядтарда жалпы 20 титулдың иегері. Қазақстандық теннисші ATP әлемдік рейтингінде 444-орында тұр.

Денис Евсеев Қытайдағы «Челленджер» турнирінде ірі есеппен жеңілді – sport-hub