Шелтон камбэк жасап, US Open турнирінің екінші айналымына шықты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: x_@atptour

Фото: x_@atptour

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы Бен Шелтон нидерландылық Таллон Грикспурды (ATP рейтингінде 56-орын) жеңіп, US Open-2026 турнирінің екінші айналымына өтті.

Америкалық теннисші қарсыласын 1:6, 6:1, 7:6 (7:3), 6:2 есебімен ұтты. Кездесу 2 сағат 35 минутқа созылды.

Шелтон 12 эйс жасап, алты қосарланған қателік жіберді және жеті брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Ал Грикспур сегіз рет эйс жасап, жеті қосарланған қателікке жол берді және қарсыласының берген сегіз брейк-пойнтының үшеуін жүзеге асырды.

Бұл теннисшілердің өзара өткізген алғашқы кездесуі болды. Шелтон US Open турнирінің негізгі кезеңіндегі 10-жеңісіне қол жеткізді. Америкалық теннисшінің бұл турнирдегі ең үздік нәтижесі 2023 жылы жартылай финалға шығуы.

Екінші айналымда Шелтон Хуберт Хуркачпен кездеседі. Поляк теннисшісі Дамир Джумхурды 6:4, 4:6, 6:1, 6:1 есебімен жеңді. Шелтон мен Хуркач бұған дейін бір-бірімен кездеспеген.

US Open турнирінің қазіргі чемпионы — Карлос Алькарас. Ол 2025 жылғы финалда Янник Синнерді жеңген болатын.

Биылғы US Open турнирі 30 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында өтеді.

Шелтон камбэк жасап, US Open турнирінің екінші айналымына шықты – sport-hub