Оже-Альяссим US Open-2026 турнирінің екінші айналымына өтті

Бекарыс Әлімхан··
Фото: x_@atptour

Фото: x_@atptour

Әлемнің төртінші ракеткасы Феликс Оже-Альяссим австралиялық Ринки Хидзикатаны жеңіп, US Open-2026 турнирінің екінші айналымына жолдама алды.

Канадалық теннисші қарсыласын 7:5, 4:6, 6:3, 7:5 есебімен ұтты. Кездесу 4 сағат 7 минутқа созылды.

Оже-Альяссим 17 эйс жасап, 11 рет қосарланған қателік жіберді. Ол брейк-пойнттардың 13 мүмкіндігінің алтауын пайдаланды. Ал Хидзиката бес рет эйс жасап, жеті қосарланған қателікке жол берді және қарсыласының берген сегіз брейк-пойнтының төртеуін жүзеге асырды. Бұл теннисшілердің өзара өткізген алғашқы кездесуі болды.

Екінші айналымда Оже-Альяссим Карен Хачановпен кездеседі. Ресейлік теннисші бірінші айналымда Роман Андрес Бурручаганы 6:3, 6:0, 6:1 есебімен ойсырата жеңді. Бұған дейін Оже-Альяссим мен Хачанов төрт рет кездескен, есеп — 2:2.

US Open турнирінің қазіргі чемпионы — Карлос Алькарас. Ол 2025 жылғы финалда Янник Синнерді жеңген болатын.

Биылғы US Open турнирі 30 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында өтеді.

Оже-Альяссим US Open-2026 турнирінің екінші айналымына өтті – sport-hub