Депай «Коринтиансқа» ерекше талаптар қойды
Бөлісу

«Коринтианс» ФК
Нидерланд құрамасының шабуылшысы Мемфис Депай «Коринтианспен» келісімшартты ұзарту кезінде бірқатар талап айтқан.
32 жастағы футболшы клуб стадионын жылына екі күн жеке шаралары үшін пайдалануға рұқсат беруді, сондай-ақ жеке VIP-ложа бөлуді сұраған.
Сонымен қатар Депай жаңа келісім бойынша қаржылық пакет көлемін 10 пайызға арттыруды талап еткен. Оған жалақы, имидждік құқықтар және маркетингтік табыстар кіреді.
Қазіргі таңда «Коринтианс» футболшыға шамамен 7,6 миллион еуро қарыз. Айыппұлдар мен пайыздарды қосқанда бұл сома 13 миллион еуроға жеткен.
Депай бразилиялық клуб сапында 2024 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақыт ішінде ол 79 матч өткізіп, 20 гол соғып, командамен бірге үш жүлде жеңіп алған.