Цзолис «Арсеналдағы» мақсаты туралы айтты

Бегасыл Амирбай ··
«Арсенал» ФК

«Арсенал» ФК

«Арсеналдың» жаңа ойыншысы Христос Цзолис командаға бейімделу кезеңі туралы пікір білдірді.

Грекиялық вингер қазір басты назарын өз ойынына және жаңа клубтағы орнын табуға аударып отырғанын айтты.

«Мен тек алға жылжуға және мүмкіндігінше тез бейімделуге көңіл бөлемін. Енді бәрі өзіме байланысты, командаға не бере алатынымды көрсетуім керек», – деді Цзолис.

24 жастағы футболшы «Арсеналға» маусым айында «Брюггеден» ауысқан. Өткен маусымда ол 54 матчта 22 гол соғып, 29 нәтижелі пас берген және Бельгия чемпионатындағы үздік ойыншы атанған.

Цзолис «Арсеналдағы» мақсаты туралы айтты – sport-hub