Диего Лопес UFC Freedom 250 турнирінде Стив Гарсияны нокаутпен жеңді
Бөлісу

Фото: Getty Images
Турнир Вашингтонда, Ақ үйдің алдындағы алаңда өтіп жатыр. Лопес пен Гарсия жарыстың алғашқы айқасын ашты. Бразилиялық файтер екінші раундта нокаутпен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Еске сала кетейік, кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы чемпион Илия Топурия америкалық Джастин Гейджимен кездеседі.
Ал қосалқы басты айқаста Алекс Перейра Сириль Ганмен ауыр салмақтағы уақытша UFC чемпионы атағы үшін жұдырықтасады. Жалпы UFC Freedom 250 турнирі аясында жеті жекпе-жек жоспарланған.