Дмитрий Биволдың келесі қарсыласы ресми түрде жарияланды

Фото: Getty Images
RCC Boxing промоутерлік ұйымы 12 желтоқсанда Екатеринбургте өтетін кәсіпқой бокс кешін жариялады.
Кештің басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Дмитрий Бивол мен британиялық үміткер Каллум Смит кездеседі.
35 жастағы ресейлік боксшының есебінде 25 жеңіс, бір жеңіліс және 12 нокаут бар. Ол 79,4 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеулерін міндетті түрде қорғау үшін рингке шығады. Оның қарсыласы – 36 жастағы Смит. Британдық боксшы 31 рет жеңіске жетіп, екі рет жеңілген және 22 жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған.
Бивол кәсіпқой мансабын 2014 жылы бастады. Үш жылдан кейін ол жартылай ауыр салмақта әлем чемпионы атанды. Ал 2025 жылы абсолютті әлем чемпионы мәртебесіне қол жеткізді.
Каллум Смит кәсіпқой бокстағы мансабын 2015 жылы бастады. 2018 жылы британдық боксшы 76,2 келіге дейінгі екінші орта салмақта әлем чемпионы атанды. 2021 жылдан бері ол жартылай ауыр салмақта өнер көрсетіп келеді және осы дивизионда әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасуға мүмкіндік алған.
Дмитрий Бивол соңғы жекпе-жегін 30 мамырда Екатеринбургте өткізді. Сол кездесуде ресейлік боксшы германиялық Михаэль Айфертті (13 жеңіс, 2 жеңіліс, 5 нокаут) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.
Ал Смит соңғы рет 2025 жылдың ақпанында рингке шықты. Эр-Риядта ол отандасы Джошуа Буатсимен (20 жеңіс, 1 жеңіліс, 13 нокаут) кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.