Дмитрий Попко АҚШ-тағы ITF турнирінің екінші айналымына өтті
Бөлісу

Фото: ҚТФ
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тың Уичито қаласында өтіп жатқан ITF M25 турнирін жеңіспен бастады.
Бірінші айналымда қазақстандық спортшы америкалық Гэвин Янгты 7:6 (8:6), 3:6, 7:6 (7:4) есебімен жеңді. Теннисшілер кортта 3 сағат 34 минут өткізді. Кездесу үш сетке созылып, олардың екеуі тай-брейкте аяқталды.
Турнирдің екінші айналымында Попко АҚШ өкілі Карл Полингпен кездеседі. Ол ATP рейтингінде 505-орында тұр.
Айта кетейік, Дмитрий Попко мансабында «Челленджер» санатындағы екі турнирде және ITF сериясындағы 25 жарыста жеңімпаз атанған. Қазіргі таңда қазақстандық теннисші ATP рейтингінде 719-орында орналасқан.