Дүйсембай мен Арыстанбекова Түркиядағы турнирді жеңіспен бастады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ҚТФ

Фото: ҚТФ

Іңкәр Дүйсембай мен Асылжан Арыстанбекова Түркияның Кайсери қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің алғашқы айналымынан сәтті өтті.

Іңкәр Дүйсембай ресейлік Анна Карцеваны екі сетте 6:3, 6:2 есебімен қапы қалдырды. Екінші айналымда қазақстандық теннисші франциялық Мари Вийемен кездеседі.

Асылжан Арыстанбекова румыниялық Алексия Лавиния Пуякты тартысты ойында жеңді — 4:6, 7:5, 6:2. Келесі кезеңде қазақстандық теннисші Мирослава Медведева мен Аня Вильдгрубер арасындағы ойынның жеңімпазымен қарсылас атанады.

Дүйсембай мен Арыстанбековадан бөлек, турнирдің негізгі кезеңінде Яна Ким, Амира Қазтуған, Ева Корышева және Сатима Төреген де өнер көрсетуде. ITF W15 санатындағы турнир Кайсери қаласында мамырдың 18 нен 24-не дейін хард жабынында өтеді.