Джейми Варди АПЛ-ға қайта оралуы мүмкін

Бекарыс Әлімхан··
«Кремонезе» ФК

«Кремонезе» ФК

«Эвертонның» 39 жастағы шабуылшы Джейми Вардиді қатарға қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

CaughtOffside мәліметінше, мерсисайдтық клуб жазғы трансферлік маусым жабылғаннан кейін Англия құрамасының бұрынғы шабуылшысына назар аударған.

Өткен маусымды Варди «Кремонезе» сапында өткізді. Ол А Сериясындағы 29 матчта 7 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Команда жоғарғы дивизионнан төмендегеннен кейін ағылшын футболшысы италиялық клубтан кетіп, еркін агент атанды. Осыған байланысты «Эвертон» трансферлік терезе жабылғаннан кейін де онымен келісімшарт жасай алады.

Тәжірибелі шабуылшыға деген қызығушылық клубтың шабуыл шебіндегі өзгерістерден кейін пайда болды. Бету «Фиорентинаға» ауысты, ал Илиман Ндиайе «Манчестер Ситимен» бес жылдық келісімшартқа қол қойды. Сонымен қатар мерсисайдтық клуб «Монако» шабуылшысы Фоларин Балогунның трансферін аяқтай алмады.

Айта кетейік, Варди Англия чемпионатында көп жыл «Лестер» сапында өнер көрсетіп, өзін жақсы танытты. Ол АПЛ-да 342 матч өткізіп, 145 гол соққан. Сондай-ақ чемпион атанып, турнирдің «Алтын бутсы» жүлдесін иеленді. Англия құрамасы сапында 26 ойынға қатысып, 7 гол соқты.

Джейми Варди АПЛ-ға қайта оралуы мүмкін – sport-hub