«Эвертон» ойыншысы футболға бәс тігуіне байланысты тергеліп жатыр

Фото: x_@MatchDCentral
«Эвертон» шабуылшысы Мартин Шерифке Англия футбол қауымдастығының (FA) кәсіби ойыншыларға футбол матчтарына бәс тігуге тыйым салатын ережесін бұзды деген айып тағылды.
20 жастағы футболшы 2024 жылдың 20 қарашасы мен 2026 жылдың 12 ақпаны аралығында футбол матчтарына 61 рет бәс тіккен. Бұл FA ережелерінің E1.2 тармағын бұзуы мүмкін. Шериф айыптарға қатысты ресми жауабын 17 тамызға дейін ұсынуы тиіс.
Шериф «Эвертон» академиясының түлегі. Алайда ол әзірге негізгі команда сапында ресми матчта дебют жасаған жоқ. Өткен маусымда шабуылшы ойын тәжірибесін жалға берілген клубтарда жинады. Алдымен «Ротерхэм» сапында өнер көрсетіп, кейін «Порт Вейлге» ауысты.
«Ротерхэм» үшін форвард Лига 1-де 10 матч өткізіп, екі гол соқты. Кейін жарақатына байланысты оның жалға алу мерзімі мерзімінен бұрын аяқталды. Маусымның екінші бөлігін Шериф «Порт Вейлде» өткізіп, чемпионаттағы 17 кездесуде екі голдың авторы атанды.