Экс-АПЛ төрешісі Тейлор Түркияда элиталық төрешілік директоры атанды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: TFF

Фото: TFF

Англиялық бұрынғы төреші Энтони Тейлор төрешілік мансабын аяқтағаннан кейін футболда жұмысын жалғастырады. Маман Түркия футбол федерациясында элиталық төрешілік директоры қызметіне тағайындалды.

Жаңа қызметінде Тейлор төрешілер корпусын техникалық тұрғыда дамытуға, арбитрлерді даярлауға және төрешілік жүйесін УЕФА мен ФИФА стандарттарына сәйкес жетілдіруге жауапты болады.

Англиялық төреші биыл шілде айында мансабын аяқтады. 20 жылдық мансабында ол 831 матчқа төрелік етті, оның ішінде ұлттық кубоктардың, еурокубоктардың және ірі халықаралық турнирлердің финалдары бар.

Тейлордың мансабындағы соңғы матч 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалындағы Португалия мен Испания құрамалары арасындағы ойын болды. Ол кездесуде Испания 1:0 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің ширек финалына өтті.