«Арсенал» мен «Ливерпуль» «Астон Вилла» қорғаушысы үшін таласуда
Бөлісу

«Астон Вилла» ФК
«Арсенал» мен «Ливерпуль» «Астон Вилла» клубының қорғаушысы Эзри Консаға қызығушылық танытып отыр. Бирмингемдік клуб ағылшын футболшысы үшін шамамен 70 миллион еуро алуды көздейді.
The Guardian мәліметінше, «Арсенал» Джон Стоунстың трансфері жүзеге аспағаннан кейін 28 жастағы қорғаушыны қорғанысты күшейтудегі басты нысана ретінде қарастырып отыр.
Бұған дейін лондондық клуб Консаға ұсыныс жасаған, алайда «Астон Вилла» оны қабылдамаған. Соған қарамастан, «зеңбірекшілер» ойыншыны сатып алу бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда. Ағылшын қорғаушысына «Ливерпуль» да қызығушылық білдіріп, оны трансферлеу мүмкіндігін қарастыруда.
Өткен маусымда Эзри Конса барлық турнирде 42 матч өткізіп, үш гол соғып, екі нәтижелі пас берген.