«Тоттенхэм» «Ливерпульдің» көшбасшыларының біріне көз тікті

«Ливерпуль» ФК
«Тоттенхэм» шабуыл шебін күшейту бағытындағы жұмысын жалғастырып жатыр. Лондондық клуб «Ливерпуль» ойыншысы Коди Гакпоны қатарға қосу мүмкіндігін қарастыруда.
Elnacional басылымының мәліметінше, бас бапкер Роберто Де Дзерби жаңа маусым қарсаңында шабуыл қанаттарын күшейтуді көздейді. «Тоттенхэмнің» басты трансферлік нысаналарының бірі — «Ливерпуль» вингері Коди Гакпо. Футболшының өзі де клубтар трансфер сомасы бойынша келісімге келсе, ұсынысты қарастыруға дайын.
Алайда «Ливерпуль» ойыншымен қоштасқысы келмейді. Мерсисайдтық клубтың бас бапкері Андони Ираола Гакпоны жаңа маусымда негізгі құрам ойыншысы ретінде көреді. Әсіресе, Уго Экитикенің ауыр жарақат алып, жыл соңына дейін қатардан шығып қалғаны бұл шешімге әсер етуде.
Еске салайық, өткен маусымда Гакпо барлық турнирде 49 матч өткізіп, 21 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген.