«Ливерпуль» «Тоттенхэм» қорғаушысының трансферін қарастыруда
Бөлісу

«Тоттенхэм» ФК
«Тоттенхэмнің» қорғаушысы Джед Спенс «Ливерпульдің» трансфердегі мақсаттарының бірі саналады.
TEAMtalk мәліметінше, «Ливерпуль» Спенстің жағдайын жіті бақылап отыр. Мерсисайдтық клубтың жаңа бас бапкері Андони Ираола ағылшын қорғаушысын қорғаныстың екі қапталын да жаба алатын әмбебап ойыншы ретінде қарастырады.
Дереккөздің хабарлауынша, «Тоттенхэм» Спенсті 40-50 миллион фунт аралығында бағалап отыр. Қорғаушы 2026 жылғы әлем чемпионатында Англия құрамасы сапындағы ойынымен көзге түсіп, сегіз матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген.
Футболшыға сондай-ақ «Ньюкасл» мен «Интер» клубтары да қызығушылық танытуда. Өткен маусымда Спенс 44 матч өткізіп, нәтижелі әрекеттерімен ерекшеленген жоқ.