«Партизан» – «Тобыл»: Конференциялар лигасы матчының тікелей трансляциясы

Бекарыс Әлімхан··
«Тобыл» ФК

«Тобыл» ФК

Сербиялық «Партизан» мен қостанайлық «Тобыл» УЕФА Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчты өткізеді.

Кездесу 7 тамыз күні Белградтағы «Партизан» стадионында өтеді. Басталу уақыты – Қазақстан уақыты бойынша 00:00.

Қазақстандық жанкүйерлер матчты «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен көре алады. Сондай-ақ ойынның ең қызықты сәттерін Sport-hub.kz Telegram-арнасындағы live режимде бақылауға болады.

Еске салсақ, екінші іріктеу кезеңінде «Тобыл» пенальти сериясында литвалық «Паневежисті» жеңді (1:1, 1:1; пенальти – 3:2). Ал «Партизан» екі матчтың қорытындысы бойынша люксембургтік «УНА Штрассенді» жеңді (4:0, 1:0).

Айта кетейік, бұл қарсыластықтың жеңімпазы Конференциялар лигасының плей-офф кезеңінде испаниялық «Хетафемен» кездеседі.