Леон Бэйли «Астон Вилладан» «Олимпиакосқа» ауысты

Бекарыс Әлімхан··
«Олимпиакос» ФК

«Олимпиакос» ФК

Ямайкалық вингер Леон Бэйли ағылшындық «Астон Вилладан» гректің «Олимпиакос» клубына ауысты.

29 жастағы футболшының трансфері туралы Пирей клубының баспасөз қызметі хабарлады. БАҚ мәліметінше, келісімшарт 2029 жылдың маусымына дейін жасалған.

Бэйли 2021 жылдан бері «Астон Вилланың» намысын қорғады. Ол Бирмингем клубы сапында барлық турнирде 163 матч өткізіп, 23 гол соқты және 25 нәтижелі пас берді. Өткен маусымда ямайкалық футболшы «Рома» сапында жалға алу негізінде де өнер көрсетті. Кейін Англияға оралып, «Астон Вилламен» бірге Конференция лигасында жеңіске жетті.

Англияға ауысқанға дейін вингер бельгиялық «Генк» пен немістің «Байер» клубтарында ойнады. Ямайка құрамасы сапында 41 матч өткізіп, 11 гол соқты.

Леон Бэйли «Астон Вилладан» «Олимпиакосқа» ауысты – sport-hub