Джейми Варди: «Біз Кантені Франция құрамасында ойнауға көндірдік»

Бегасыл Амирбай ··
Фото: FFF

Фото: FFF

«Лестердің» бұрынғы шабуылшысы Джейми Варди Н’Голо Канте халықаралық мансабының басында қай құраманы таңдау туралы қалай шешім қабылдағанын еске алды.

Варди мен Канте «Лестер» сапында бірге ойнап, 2015/16 маусымында Англия чемпионы атанған еді. Англиялық форвардтың айтуынша, француз жартылай қорғаушысы бастапқыда әкесінің отаны Мали құрамасында ойнауды қалаған.

«Бастапқыда Канте Франция үшін ойнағысы келмеді! Ол әкесінің құрметіне Мали құрамасын таңдамақ болды. Жаттығу базасында біз оған: “Не істеп тұрсың? Не ойлап жүрсің? Франция әлем чемпионатын жеңеді. Франция құрамасына бар”, – дедік», – деп Варди The Touchline басылымына берген сұхбатында айтты.

Нәтижесінде Канте 2016 жылдың наурызында Франция құрамасында дебют жасады, ал екі жылдан кейін Ресейде өткен 2018 жылғы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. 2022 жылғы әлем чемпионатын жарақатына байланысты өткізіп алды, ал 2026 жылғы мундиальда бірде-бір матчқа қатысқан жоқ.