Люка Динь ПСЖ сапына қайта оралады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: FFF

Фото: FFF

Франция құрамасының қорғаушысы Люка Динь жақын уақытта ПСЖ клубының ойыншысы атанады.

Фабрицио Романоның мәліметінше, Париж клубы 33 жастағы футболшының келісімшартындағы сатып алу құқығын іске қосады. Трансфер ресми аяқталғаннан кейін Динь ПСЖ-мен 2029 жылдың маусымына дейінгі келісімшартқа қол қояды.

Бұл тәжірибелі қорғаушының Париж клубына қайта оралуы болмақ. Ол бұған дейін ПСЖ сапында 2013–2016 жылдар аралығында өнер көрсеткен.

Соңғы төрт маусымды Люка Динь Англияның «Астон Вилла» клубында өткізді. Осы уақыт ішінде ол барлық турнирде 182 матчқа қатысып, 4 гол соғып, 24 нәтижелі пас берді.

2026 жылғы әлем чемпионатында Динь Франция құрамасы сапында алты матчқа қатысқанымен, нәтижелі әрекеттерімен көзге түскен жоқ.

Люка Динь ПСЖ сапына қайта оралады – sport-hub