Джеймс Милнер футболшы мансабын аяқтады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: «Ливерпуль» ФК

Фото: «Ливерпуль» ФК

Англия құрамасы мен «Ливерпуль» клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Джеймс Милнер 40 жасында кәсіби футболдағы мансабын аяқтағаны туралы жария етті.

Бұл туралы тәжірибелі футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Милнер кәсіби футболдағы алғашқы ойынын 2002 жылы «Лидс Юнайтед» сапында өткізген еді. Кейін ол Ньюкасл Юнайтед», «Астон Вилла», «Манчестер Сити», «Ливерпуль» және «Брайтон энд Хоув Альбион» клубтарында өнер көрсетті.

Ағылшын футболшысының соңғы командасы «Брайтон» болды. Ол бұл клубқа 2023 жылдың жазында «Ливерпульден» ауысып барды. Өз мансабында Милнер 903 матч өткізіп, 86 гол соқты және 135 нәтижелі пас берді.

Футболшы үш рет Англия чемпионы атанды. Сондай-ақ оның еншісінде Чемпиондар лигасы, Англия кубогы және Англия лигасы кубогының трофейлері бар.