Франция құрамасының бұрынғы шабуылшысы Жиньяк мансабын аяқтағаны туралы жариялады
Бөлісу

Фото: Getty Images
Франция құрамасының бұрынғы шабуылшысы Андре-Пьер Жиньяк 40 жасында кәсіби мансабын аяқтағаны туралы мәлімдеді.
Шабуылшы мансабында «Лорьян», «Тулуза», «Марсель» және «По» клубтарының намысын қорғады. Францияда ол екі рет Лига кубогын жеңіп алып, бір мәрте ел Суперкубогының иегері атанды.
2015 жылдан бастап Жиньяк Мексиканың «Тигрес» клубында өнер көрсетті. Клуб сапында ол бес рет Мексика чемпионы атанып, КОНКАКАФ Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Франциялық шабуылшы клубтық деңгейде жалпы саны 825 матч өткізіп, 359 гол соқты.
Франция құрамасы сапында Жиньяк 36 матчқа қатысып, жеті голдың авторы атанды. Ұлттық құрамамен бірге шабуылшы 2016 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанды.