«Эдмонтон» «Флориданы» жеңіп, қатарынан алтыншы жеңісіне қол жеткізді

Фото: ХК «Эдмонтон Ойлерз»
«Эдмонтон Ойлерз» Ұлттық хоккей лигасының (ҰХЛ) тұрақты чемпионатында «Флорида Пантерзді» 5:2 есебімен жеңді.
Қонақтар алғашқы кезеңде екі шайба соқты. 10-минутта Каспери Капанен есеп ашса, 17-минутта Коннор Макдэвид сан басымдығын пайдаланды.
Екінші кезеңде Василий Подколзин екі рет мергендік танытып, есепті 4:0-ге жеткізді.
Үшінші кезеңде «Флорида» шабуылшысы Мэттью Ткачук дубль авторы атанып, есеп айырмасын қысқартты. Алайда матчтың аяқталуына 33 секунд қалғанда Леон Драйзайтль бос қақпаға шайба соғып, кездесудің нүктесін қойды.
Подколзин екі шайба соғып, бір нәтижелі пас берді және матчтың үздік ойыншысы атанды. Драйзайтль мен Капанен де үш ұпайдан (1+2) жинады.
Ал Коннор Макдэвид бір шайба соғып, бір нәтижелі пас берді. Осылайша ол маусым басынан бері қатарынан 23 матчта ұпай жинап, Уэйн Гретцкидің 1988/89 жылғы жетістігін қайталады.
Сонымен қатар Макдэвид сан басымдығы кезінде жинаған ұпай саны бойынша Гретцкидің клубтық рекордын жаңартты. Оның еншісінде 441 ұпай бар, ал Гретцки 439 ұпай жинаған.
ҰХЛ. Тұрақты чемпионат
«Флорида Пантерз» – «Эдмонтон Ойлерз» – 2:5
Шайбалар: Ткачук (54, 57) – Капанен (10), Макдэвид (17), Подколзин (29, 35), Драйзайтль (60).
«Эдмонтон» келесі кездесуін 20 қарашада «Тампа-Бэй Лайтнингке» қарсы өткізеді. Ал «Флорида» 22 қарашада «Баффало Сэйбрзді» қабылдайды.