Эквадор құрамасының бас бапкері әлем чемпионатынан кейін қызметінен кетті

Бегасыл Амирбай ··
Фото: DSports

Фото: DSports

Эквадор құрамасының бас бапкері Себастьян Беккасесе 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Мексикадан жеңілгеннен кейін қызметінен кетті.

Кездесу 2:0 есебімен Мексика құрамасының пайдасына аяқталып, Эквадордың турнирдегі жолы осы кезеңде аяқталды.

«Біздің келісімшартымыз әлем чемпионаты аяқталғанға дейін жасалған еді. Ал біз үшін турнир бүгін аяқталды. Өзіміз уәде бергендей, тарихымыздағы ең үздік әлем чемпионатын өткізе алмадық. Бүгін осы тамаша отбасымен қоштасатын сәт келді», – деді Беккасесе DSports арнасына.

Айта кетейік, әлем чемпионатының топтық кезеңінде Эквадор құрамасы Е тобында үшінші орын алды. Команда Кот-д'Ивуардан 0:1 есебімен жеңіліп, Кюрасаомен 0:0 есебімен тең түсті және Германияны 2:1 есебімен жеңіп, плей-офф кезеңіне жолдама алған болатын.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеде аяқталады.