Басты бет
·
АО-2026

Эльмира Сыздықова Азия ойындарының финалында жеңіліп, күміс медаль алды

Али Асетов··
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова 2026 жылғы Азия ойындарындағы өнерін күміс медальмен аяқтады.

Әйелдер күресінен 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол Жапония өкілі Юка Кагамимен кездесті.

Шешуші белдесу жапон күрес кілемінде өтті. Турнир қожайыны қазақстандық спортшыны 5:1 есебімен жеңіп, алтын медальға ие болды.

Осылайша, Сыздықова өз салмағында екінші орын алып, Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті жүлдені салды.

Кагами үшін бұл жеңіс халықаралық аренадағы кезекті жетістік болды. Жапониялық балуан 2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы және 2023 жылғы әлем чемпионы атанған. Ол сол кезде де 76 келіге дейінгі салмақта топ жарған.

Эльмира Сыздықованың күміс медалі Қазақстан үшін 2026 жылғы Азия ойындарындағы осындай дәрежедегі 21-ші жүлде болды.

Бұған дейін әйелдер күресінен Қазақстан құрамасына тағы бір медальді Зейнеп Баянова әкелді. Ол 50 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды.

Эльмира Сыздықова Азия ойындарының финалында жеңіліп, күміс медаль алды – sport-hub