Басты бет
·
АО-2026

Зейнеп Баянова Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Али Асетов··
Фото:  Нұрғали Жұмағазы

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Қазақстан құрамасының қоржыны Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында тағы бір медальмен толықты.

Әйелдер күресінен 50 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Зейнеп Баянова үшінші орынға ие болды.

Қазақстандық балуан қола медаль үшін Үндістан өкілі Дипаншимен белдесті. Кездесу толық уақытқа созылған жоқ. Баянова қарсыласын жауырынымен кілемге түсіріп, төреші белдесуді тоқтатты. Осылайша, қазақстандық спортшы тушемен жеңіске жетті.

Баянова жарысты моңғолиялық Мунхар Биамбасуренге қарсы жеңіспен бастады. Ол алғашқы белдесуде 8:4 есебімен басым түсті.

Ширек финалда қазақстандық балуан Оңтүстік Корея өкілі Миран Чеонмен кездесті. Баянова бұл белдесуде 7:3 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.

Финалға шығу үшін Баянова жапониялық Юи Сусакумен белдесті. Жартылай финалда Сусака 4:0 есебімен жеңіске жетіп, қазақстандық спортшының шешуші белдесуге өтуіне мүмкіндік бермеді.

Осыдан кейін 23 жастағы Баянова қола медаль үшін белдесуге шықты. Қазақстандық балуан Дипаншиге қарсы кездесуде басымдық танытып, белдесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Осылайша, Зейнеп Баянова 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Ол жарыста өткізген төрт белдесуінің үшеуінде жеңіске жетті.