Начын Куулар камбэк жасап, Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды

Начын Куулар. Фото: Нургали Жумагазы
Қазақстандық балуан Начын Куулар Жапонияның Айти префектурасы мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында 65 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды.
Үшінші орын үшін белдесуде қазақстандық балуан КХДР өкілі Кван Джин Киммен кездесті. Куулар бірінші кезеңді 0:3 есебімен ұтылып аяқтағанымен, үзілістен кейін белдесу барысын өзгертіп, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Бұған дейін 1/8 финалда Куулар тәжікстандық Абдулмажид Кудиевтен мерзімінен бұрын 2:13 есебімен жеңілген еді. Алайда қарсыласы финалға шыққаннан кейін қазақстандық балуан жұбаныш кезеңінде күресін жалғастырды. Бұл кезеңде ол Сауд Арабиясының өкілі Абдуллатиф Альбакриді 4:0 есебімен жеңіп, қола жүлде үшін белдесуге жолдама алды.
Бұл – Начын Куулардың Азия ойындарындағы алғашқы медалі.
Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанда аяқталады.