Рината Сұлтанова велотректен Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды

Фото: Владислав Семёнов
Рината Сұлтанова Жапонияның Айти префектурасы мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында велотректен Қазақстан қоржынына күміс медаль салды.
Қазақстандық велошабандоз омниум бағдарламасында бақ сынады. Бұл жарыс скретч, темптік жарыс, ұпайлармен жарыс және жарыстан шығу кезеңдерінен тұрады. Барлық кезеңнің қорытындысы бойынша Сұлтанова екінші орынға ие болды.
Сұлтанова үшін бұл – биылғы Азия ойындарындағы екінші медаль. Жарыстың алғашқы күнінде ол тасжолдағы жекелей жарыста жеңіске жетіп, Қазақстанға алғашқы алтын медальді сыйлаған болатын. Ал Ханчжоуда өткен алдыңғы Азия ойындарында қазақстандық спортшы осы дисциплинадан қола жүлде иеленген.
Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанда аяқталады.