Басты бет
·
АО-2026

Екатерина Токарева дзюдодан Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды

Бекарыс Әлімхан··
Екатерина Токарева. Фото: Владислав Семёнов

Екатерина Токарева. Фото: Владислав Семёнов

Екатерина Токарева Жапонияның Айти префектурасы мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында дзюдодан 78 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды.

Үшінші орын үшін белдесуде қазақстандық дзюдошы Иран өкілі Мариам Барбатпен кездесті. Токарева алдымен «юко», кейін «ваза-ари» ұпайын алып, кездесуді жеңіспен аяқтады.

Токарева турнирді Филиппин өкілі Киёми Ватанабэні мерзімінен бұрын жеңуден бастады. Ширек финалда ол Оңтүстік Кореялық Ким Мин Джуға иппонмен есе жіберді. Ал жұбаныш белдесуінде Қытай Тайбэйінің өкілі Сюй Ван Шу Хуэйді жеңіп, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды.

Бұл Токареваның алғашқы Азия ойындарындағы дебюті және ересектер арасындағы мансабындағы ең ірі жетістігі.

Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанда аяқталады.