Басты бет
·
АО-2026

Қазақстан әйелдер құрамасы Сингапурды ірі есеппен жеңді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Никита Басов

Фото: Никита Басов

Қазақстанның регби-7 спортынан әйелдер құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарындағы топтық кезеңді Сингапурды ірі есеппен жеңумен аяқтады.

D тобындағы соңғы матчта қазақстандықтар қарсыласына бірде-бір ұпай алуға мүмкіндік бермей, 31:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл – ұлттық құраманың осы турнирдегі алғашқы жеңісі.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Таиландтан (5:28) және жарыс қожайыны Жапониядан (0:48) жеңілген болатын. Үш матчта бір жеңіске жеткен команда топта үшінші орын алып, жартылай финалға шыға алмады. Енді қазақстандықтар 5-8 орындар үшін таласады.

Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.