Елдос Сметов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Фото: Сали Сабиров
Елдос Сметов 2026 жылғы Азия ойындарында дзюдодан 60 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алды.
Финалда қазақстандық дзюдошы жапониялық Хаято Кондомен белдесті. Жапон спортшысы екі «юко» бағасын алып, кездесуді жеңіспен аяқтады.
Сметов финалға дейін үш қарсыласын жеңді. Алғашқы белдесуінде оңтүстіккореялық Ли Харимнен басым түссе, кейін моңғолиялық Ариунболд Энхтайванды иппонмен ұтты. Ал жартылай финалда Қытай Тайбэйінің қазіргі Азия чемпионы Ян Юн Вэйді «ваза-ари» бағасының арқасында жеңіп, финалға жолдама алды.
Осылайша, Айти мен Нагоядағы күміс медаль Елдос Сметов үшін Азия ойындарындағы екінші жүлде болды. Ол 2014 жылы Инчхондағы Азия ойындарында 60 келіге дейінгі салмақта чемпион атанған.
Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындарындағы жеңісінен кейін Сметов халықаралық жарыстарға шамамен екі жыл қатысқан жоқ. Үзілістен кейінгі алғашқы турнирі биыл маусым айында Циндаода өткен Гран-при болды. Қазақстандық дзюдошы аталған жарыста бесінші орын алды.
Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанда аяқталады.