Басты бет
·
АО-2026

Наталья Богданова Азия ойындарында бокстан қола медаль жеңіп алды

Бекарыс Әлімхан··
ҚБФ

ҚБФ

Наталья Богданова Қазақстан қоржынына 2026 жылғы Азия ойындарында бокстан қола медаль салды.

75 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда қазақстандық боксшы Үндістан өкілі Ловлина Боргохайнмен кездесті. Жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілердің бөлінген шешімімен Боргохайнның пайдасына аяқталды (3:2).

Бұған дейін ширек финалда Богданова өзбекстандық Азиза Зокированы 4:1 есебімен жеңіп, жүлдеге кепілдік берген еді. Ал Боргохайн бұл кезеңде оңтүстіккореялық Сон Су Ёнды төрешілердің бірауызды шешімімен ұтты.

Богданова Азия ойындарына World Boxing ұйымының 2025 жылғы әлем чемпионы ретінде келді. Ол Ливерпульде 70 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған. Қазақстандық боксшы Азия ойындарында қатарынан екінші рет қола жүлдеге ие болып отыр. Ханчжоуда ол 66 келіге дейінгі салмақта үшінші орын алған.

Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.