Басты бет
·
АО-2026

Елдос Сметов Азия ойындарының финалына шықты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Сали Сабиров

Фото: Сали Сабиров

Елдос Сметов Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы дзюдо турнирінің финалына шығып, кем дегенде күміс медальді қамтамасыз етті.

60 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда қазақстандық дзюдошы Қытай Тайбэйінің өкілі Ян Юн Вэймен кездесті. Сметов «ваза-ари» бағасын алып, осы ұпайы жеңіске жетіп, финалға шығуына жеткілікті болды.

Сметов қазіргі Азия ойындарына 2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы ретінде келді. Оның қоржынында 2016 жылғы Олимпиаданың күміс және Токио-2020 Олимпиадасының қола медальдары, сондай-ақ 2015 жылғы әлем чемпионатының алтын жүлдесі бар. Қазақстандық спортшы осы маусымда Олимпиададан кейін халықаралық жарыстарға қайта оралып, маусым айында Циндаодағы Гран-при турнирінде бесінші орын иеленді.

Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.