Басты бет
·
АО-2026

Алуа Балқыбекова Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді

Бекарыс Әлімхан··
ҚБФ

ҚБФ

Алуа Балқыбекова Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы бокс турнирінің қола жүлдесін иеленді.

51 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда қазақстандық боксшы Вьетнам өкілі Нгуен Тхи Таммен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан қарсыласына жеңіс берді.

Бұл Балқыбекованың алғашқы Азия ойындары болды. Жартылай финалға дейін ол үндістандық Сакшиді (3:2), кейін жапониялық Юна Нисинаканы (3:2) жеңді. Қазақстандық боксшы Азия ойындарына әлемнің екі дүркін чемпионы мәртебесінде келді. Екінші әлем чемпиондығын 2025 жылы Ливерпульде жеңіп алған.

Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.

Алуа Балқыбекова Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді – sport-hub