Басты бет
·
АО-2026

Ғұсман Қырғызбаев Азия ойындарында екінші айналымға шықты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Сали Сабиров

Фото: Сали Сабиров

Ғұсман Қырғызбаев Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарын сәтті бастады.

66 келіге дейінгі салмақта қазақстандық дзюдошы алғашқы айналымда Шри-Ланка өкілі Дахам Каривасияммен кездесті. Қырғызбаев нәтижелі әдіс жасап, белдесуді бірнеше секунд ішінде иппонмен аяқтады.

Айта кетейік, Қырғызбаев — 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Сондай-ақ ол 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алған. Биылғы маусымда қазақстандық дзюдошы Циндаодағы Гран-придің финалына дейін жетіп, екінші орын алды.

Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.