Басты бет
·
АО-2026

Абиба Абужақынова дзюдодан Азия ойындарының алтыны үшін күреседі

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Сали Сабиров

Фото: Сали Сабиров

Абиба Абужақынова Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының дзюдо турнирінде финалға шығып, кем дегенде күміс медальді қамтамасыз етті.

48 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда Абужақынова Қытай Тайбэйінің өкілі Лин Чэнь-Хаоны жеңді. Бұған дейін ширек финалда қазақстандық дзюдошы Үндістан өкілі Асмита Дейді иппонмен ұтқан еді.

Абужақынова Азия ойындарының финалына қатарынан екінші рет шығып отыр. Ханчжоуда өткен алдыңғы Азия ойындарында ол күміс медаль жеңіп алған.

Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.

Абиба Абужақынова дзюдодан Азия ойындарының алтыны үшін күреседі – sport-hub