Елена Рыбакина маусымды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтайтынын айтты

Фото: Jimmie48
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымды WTA рейтингінің көшін бастап аяқтайтынына қатысты пікір білдірді.
Теннисші мансабында алғаш рет жыл соңындағы әлемнің бірінші ракеткасы атанатынын отбасына, командасына және қолдаушыларына алғыс айтып жеткізді.
«Маусымды WTA рейтингінің бірінші сатысында аяқтау мен үшін ерекше сәт. Биылғы жетістіктерім мен жыл бойы көрсеткен тұрақтылығыма мақтанамын. Осы жолда қолдау білдірген командамға, демеушілеріме, отбасыма және жанкүйерлеріме алғыс айтқым келеді. Енді WTA қорытынды турнирінде өнер көрсетіп, маусымды жоғары нотада аяқтауға үміттенемін», – деді Рыбакина.
Қазақстандық спортшы бұл жетістікке Токио қаласында өтіп жатқан WTA-500 турнирінің екінші айналымында Юлия Путинцеваны жеңгеннен кейін қол жеткізді. Кездесу 6:2, 6:3 есебімен аяқталды.
Осылайша, Рыбакина WTA тарихында маусымды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтаған 17-теннисші атанды. Сондай-ақ ол Қазақстан тарихында мұндай жетістікке жеткен алғашқы спортшы болды.
2026 жылғы маусымда Рыбакина төрт турнирдің жеңімпазы атанды. Оның қатарында Australian Open, US Open, Штутгарт пен Нинбодағы WTA-500 жарыстары бар. Алдағы уақытта қазақстандық теннисші WTA қорытынды турнирінде өнер көрсетеді.