Басты бет
·
Теннис

Новак Джокович Базельдегі турнирдің екінші айналымында жеңіліп қалды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Profimedia

Фото: Profimedia

«Үлкен дулыға» турнирлерінің 24 дүркін чемпионы Новак Джокович Швейцарияның Базель қаласында өтіп жатқан ATP-500 жарысының екінші айналымында германиялық Ян-Леннард Штруффтен жеңіліп қалды.

Базель (Швейцария). ATP-500. Жекелей сында. Екінші айналым

Ян-Леннард Штруфф (Германия) – Новак Джокович (Сербия) – 6:7 (4:7), 7:5, 7:6 (7:5).

Әлемнің 47-ракеткасы атанған Штруфф кездесуді жеңіспен аяқтады. Теннисшілер кортта 2 сағат 35 минут өткізді. Джокович алғашқы партияда басым түссе де, жеңісін сақтап қала алмады.

Екінші сетте сербиялық теннисші брейк жасауға төрт мүмкіндік алғанымен, оны пайдалана алмады. Ал Штруфф қарсыласының қателіктерін тиімді пайдаланып, есепті теңестірді. Шешуші партияда қос теннисші де өз геймдерін ұтып, ойын тай-брейкке ұласты. Неміс спортшысы үшінші матчболын пайдаланып, кездесуді эйспен аяқтады.

Айта кетейік, 36 жастағы Штруфф Джоковичпен өткен тоғыз кездесудің біріншісінде ғана жеңіске жетті. Бұған дейін сербиялық теннисші олардың сегіз кездесуінде басым түсіп, қарсыласына небәрі бір партия берген еді.

Джокович Базельдегі турнирге 2011 жылдан бері алғаш рет қатысып отыр. Ол бұған дейін аталған жарыста үш рет өнер көрсетіп, 2009 жылы чемпион атанса, 2010 жылы финалға, 2011 жылы жартылай финалға дейін жеткен. Биыл сербиялық теннисші алғашқы айналымда француз Уго Умберді 4:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңген болатын.

Штруфф ширек финалда норвегиялық Каспер Руудты 1:6, 6:3, 6:4 есебімен ұтқан португалиялық Нуну Боржешпен кездеседі.