Елена Рыбакинаның Қытайдағы алғашқы қарсыласы анықталды

Фото: Getty Images
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтетін WTA 500 турниріндегі алғашқы кездесуін Өзбекстан өкілі Полина Кудерметоваға қарсы өткізеді.
Әлемдік рейтингте 105-орында тұрған Кудерметова іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, негізгі жарыстың алғашқы айналымында испаниялық Кристина Букшаны жеңді. WTA рейтингінде 38-сатыда орналасқан испаниялық теннисшімен өткен кездесу 7:6 (7:5), 6:2 есебімен аяқталды. Өзбекстандық спортшы жеңіске жету үшін 78 минут жұмсады.
Әлемдік рейтингтің көшбасшысы Рыбакина турнирде бірінші нөмірмен тіркелгендіктен, алғашқы айналымда ойнаған жоқ. Енді қазақстандық теннисші Кудерметоваға қарсы алғашқы кездесуін 21 немесе 22 қазанда өткізеді.
Айта кетейік, Нинбодағы турнир Рыбакина үшін ерекше маңызды. Ол өткен жылы осы жарыстың чемпионы атанған еді. Финалда қазақстандық теннисші Екатерина Александроваға қарсы алғашқы сетте 3:6 есебімен жеңілгенімен, кейінгі екі партияда 6:0, 6:2 есебімен басым түсіп, чемпиондық атақты жеңіп алды.