«Елімай» – «Алашкерт»: Конференция лигасы матчының тікелей трансляциясы

«Елімай» ФК
Семейдің «Елімай» клубы мен армениялық «Алашкерт» командасы УЕФА Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчты өткізеді.
Кездесу 16 шілде күні Семей қаласындағы «Спартак» стадионында өтеді. Ойынның басталуы Қазақстан уақыты бойынша 20:00-ге жоспарланған.
Қазақстандық жанкүйерлер матчты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. Сондай-ақ ойынның ең қызықты сәттерін Sport-hub.kz Telegram-арнасынан live режимінде бақылауға болады.
Еске салайық, алғашқы ойында «Елімай» мен «Алашкерт» 1:1 есебімен тең түскен. Еурокубоктардағы семейлік команданың алғашқы голын қорғаушы Арсен Әшірбек соқты.
Айта кетейік, екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда Конференция лигасының екінші кезеңінде румыниялық «ЧФР Клуж» клубымен кездеседі.