Энцо Мареска «Манчестер Ситимен» келісімшартқа қол қойды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Fabrizio Romano

Фото: Fabrizio Romano

Италиялық бапкер Энцо Мареска «Манчестер Ситимен» келісімшартқа қол қойып, Хосеп Гвардиола кеткеннен кейін ағылшын клубын басқаратын болды.

Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо хабарлады. Оның айтуынша, Маресканың «Манчестер Ситимен» жасаған келісімі 2029 жылдың маусымына дейін есептелген.

Бұған дейін «Манчестер Сити» клубта он жыл жұмыс істеген Хосеп Гвардиоланың кететінін ресми түрде жариялаған еді. Осыған дейін Энцо Мареска лондондық «Челсиді» жаттықтырды. Ол Лондондық клубтан 2026 жылдың қаңтарында кеткен еді.

Мареска бапкерлік мансабында бұған дейін де «Манчестер Сити» жүйесінде жұмыс істеп, Хосеп Гвардиоланың жаттықтырушылар штабына кірген.

Энцо Мареска «Манчестер Ситимен» келісімшартқа қол қойды – sport-hub