Басты бет
·
АО-2026

Ерекешева мен Ертайқызы Азия ойындарының көпсайысында финалға шықты

Али Асетов··
Фото: Никита Басов

Фото: Никита Басов

Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан жарыстың іріктеу кезеңінен сәтті өтті.

Ерекешева барлық қатысушылар арасындағы ең жоғары ұпай көрсеткішін тіркеді. Бағдарламаның төрт түрінің қорытындысы бойынша қазақстандық гимнаст 111,35 ұпай жинады.

Ақмарал шығыршықпен жаттығуда 28,60 ұпаймен ең жоғары нәтижесін көрсетті. Доппен өнер көрсеткені үшін 27,30 ұпай алды. Бес таспамен жаттығуында төрешілер оның өнерін 27,75 ұпайға бағаласа, лентамен жаттығуда 27,70 ұпай жинады.

Айбота Ертайқызы да іріктеу кезеңінен сенімді өтті. Қазақстандық спортшы қорытынды хаттамада төртінші орынға жайғасып, жалпы 106,55 ұпай жинады.

Оның қоржынында шығыршықпен жаттығудан 27,65, доппен жаттығудан 26,55, бес таспамен жаттығудан 24,85 және лентамен жаттығудан 27,50 ұпай бар.

Осылайша, Қазақстанның қос гимнастшысы жекелей көпсайыстың финалында өнерін жалғастыратын 10 спортшының қатарына кірді.

Ерекешева мен Ертайқызы Азия ойындарының көпсайысында финалға шықты – sport-hub